Шымкенттік "Қыранның" футболшылары мен жаттықтырушыларына күз айларындағы жалақы төленбеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Бір жарым ай бойы - қыркүйектің жартысы және қазан айының жалақысы әоі күнге дейін берілмген екен. Ал футболшылардың келісімшарттары қазан айының соңында аяқталды.
Сондай-ақ, "Қыран" ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамына демалыс кезінде берілетін және сыйақы ретінде берілуі тиіс ақшасын да төлеуі керек.
2020 жылғы маусымда команда құрамында Виталий Ли, Жақып Қожамберді, Бекзат Бейсенов, Андрей Пасеченко секілді ойыншылар өнер көрсетті.
Бірінші лиганың соңғы маусымында команда өз дивизионында "Ақтөбе" мен "Арысқа" жол беріп, үшінші орынға ие болды. Егер Премьер-лига 14 командаға дейін кеңейтілсе, "Арыс" ҚПЛ-ге шығуы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET