Қазақстандық төреші ЕУРО-2014 (U-19) финалына қазылық жасайды

30.07.2014, 00:13
Қазақстандық төреші ЕУРО-2014 (U-19) финалына қазылық жасайды
photo (3)Ел футболының тарихында тұңғыш рет Қазақстан төрешілер корпусының өкілі Еуропа чемпионатының финалдық кездесуінде қазылық жасайтын болды. Венгрия жерінде өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы доданың финалдық кезеңіне белгіленген төрешілер құрамына Евгений Бельский еніп отыр. Тараздық Евгений Бельский 10 жылдан астам уақыттан бері бас қазының көмекшісі қызметін атқарып келеді. УЕФА сенім артқан лайнсмен осыған дейін жартылай финалмен қоса төрт ойында төрешілер құрамынан табылған. Ендігі міндет шешуші ойынды ойдағыдай өткізу. Сонымен финалдағы қазылар құрамы төмендегідей: Бас қазы: Хавьер Эстрада Фернандес (Испания); Бас қазы көмекшілері: Даррен Ингланд (Англия), Евгений Бельский (Қазақстан); Қосалқы қазы: Инеа Джорджи (Албания); Инспектор: Йосеф Марко (Словакия). Естеріңізге сала кетсек, Будапешт қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалына Германия мен Португалия құрамалары шыққан болатын. Финалдық кездесу 31 шілде күні өтеді. Дайындаған: Өмірбек Сансызбай www.massaget.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×