Қазақстандық төрешілер УЕФА CORE курсынан оралды

06.11.2015, 01:07
Қазақстандық төрешілер УЕФА CORE курсынан оралды
УЕФА-ның жас төрешілерге арналған курсы (СORE) жыл сайын Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде екі кезең бойынша өткізіледі. Биыл бұл курс 28-ші рет ұйымдастырылды. Алғашқы кезең 5-14 мамыр күндері, екінші кезең 22-29 қазан аралығында өтті. Қазақстаннан Премьер-лига мен Бірінші лиганың бас төрешісі Данияр Сахи (Қызылорда), төрешілердің көмекшілері Юрий Тихонюк (Ақтөбе) және Сергей Калачев (Атырау) қатысты. Қазақстандық төрешілер УЕФА-ның төрешілік саласындағы үздік фитнес-нұсқаушылары және мамандарының жетекшілігімен Швейцария футбол федерациясы және Франция футбол федерациясы аясындағы турнирлерде дайындықтан өтті. Екінші кезеңнің соңында фитнес-нормативтер мен ағылшын тілінен емтихандар тапсырылды. Төрелік ету және қадағалау департаменті курс аяқталғаннан кейін бас нұсқаушы Дэвид Эллерэйдің қолы қойылған УЕФА-ның ресми хатын алды. - Сіздің төрешілеріңіз - Данияр Сахи, Юрий Тихонюк және Сергей Калачевтің дайындық деңгейі жоғары екеніне таңғалғанымызды жеткізгім келеді, - делінген УЕФА хатында. - Олар курс бойы үздік нәтиже көрсетіп, салмақты жұмыс атқарды. Данияр, Юрий және Сергей әрі қарай осы бағытта алға жылжиды деп үміттенеміз. Ал, біз өз тарапымыздан олардың жетістіктерін бақылайтын боламыз.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×