ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков Қазақстан ұлттық құрамасының алда келе жатқан ойындарға қалай дайындалып жатқанын пысықтады.
Талғат Маруаұлы Байсуфинов бастаған бапкерлер штабы өткен матчтарға тоқталып, команда ойынында болған қателіктермен жұмыс істегенін мәлімдеді.
Сонымен қатар бас бапкер қыркүйек айының басында өтетін үш матчқа қалай дайындалғанын көрсетті. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 1 қыркүйек күні өз алаңында Украинаға қарсы ойнайды. Ал 4 және 7 қыркүйекте Финляндия мен Боснияға қонаққа барады.
ҚФФ президенті бапкерлерге сәттілік тілеп, ұлттық құраманың жанкүйерлерді қуантуын талап етті.
Біздің серіктес: FONBET