Кеше «Астана-Арена» стадионында Астана және АИК командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті. Ең алдымен сөз алған Астана командасының бапкері Станимир Стойлов командада жарақат алған футболшылар көп екендігін ескертті.
Станимир СТОЙЛОВ
«Астана» командасының бас бапкері
- Қайрат Нұрдәулетов, Георгий Жуков, Атанас курдос секілді футболшыларда жарақат бар. Оларды алаңға шыға алады деп ойламаймын. Бірақ, матч барысы қалай болатынын көреміз. Мүмкін, Жуков ойынға қатысчатын да шығар. Еі бастысы қателік жібермеуіміз керек. Бірінші болып гол соғу маңызды мақсат болып тұр.
Астана да, Аик командасы да ішкі чемпионаттағы соңғы ойындарын 3-0 есебімен жеңді. Енді олар Еуропа лигасының 3-іріктеу кезеңін артқа тастап, плэй офф сатысына шығуды көздеп отыр.
Андреас АЛЬМ
АИК командасының бас бапкері
- Қазақстан мен Швеция құрамаларының бұрын кездескенін білеміз. Бірақ, бұл жолы қос мемлекеттің клубтары кездесіп отыр. Астана командасында Таңа Носербаев пен Фокси Кетевоама сияқты футболшылар бізді қатты алаңдатады. Қорғаушыларымыз сақ ойнайтын болса, келер кезеңге өтетін шығармыз.