Қостанай мен Талдықорғанда голдан жаңбыр жауды

05.04.2015, 22:18
Қостанай мен Талдықорғанда голдан жаңбыр жауды
Бұған дейін ел біріншілігінде соғылған голдарды есепке алсақ, «Жетісу» - «Ертіс» және «Тобыл» - «Шахтер» матчында голдан жаңбыр жауды десекте болар. Маусым басталғалы әлі де жеңіске жетпеген «Жетісу» мен «Ертіс» Талдықорғанда түйісті. Алғашқы тайм жанкүйерлерді соғылған голымен қуанта алмады. Әйтсе де, үзілістен кейін командалар екеулеп жүріп төрт гол салды. 58-ші минутта Джордже Деспотович алаң иелерін алға шығарды. Санаулы минуттардан соң, Душан Савич есепті еселеді. 75-ші минутта Изу Азука павлодарлықтарға үміт әкелді. 90-минутта Пірәлі Әлиев таразы басын теңестіріп тастады. Қорытынды есеп – 2:2. Осылайша, командалардың жеңіске жетер күні алдағы ойындардың еншісінде қалды. «Жетісу» - «Ертіс» 2:2 Голдар: 1:0 –Деспотович 58, 2:0 – Савич 67, 2:1 – Азука 75, 2:2 – Әлиев 90   Алғашқы төрт турдың қорытындысы бойынша жеңіс дәміт татып көрмеген тағы екі клуб «Тобыл» мен «Шахтер» өзара кім мықтыны анықтады. Бұл матчта да командалар алғашқы таймда гол сала алмады. Ал екінші кезеңде қос клуб та голдарымен жанкүйерлерін қуантты. Шыны керек, қостанайлықтар көбірек қуанды бұл матчта. 59-шы минутта Геворг Наджарян «кеншілерді» алға шығарды. «Тобыл» ойыншылары көп күттірген жоқ. Араға төрт минут салып, Нұрбол Жұмысқалиев есепті теңестірді. Тағы да үш минуттан соң Нұрбол дубль жасады. 82-ші минутта Томаш Шимкович командасының үшінші голын соқты. Ал матч аяқталар тұста Жұмасқалиев хет-трик жасап, ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 4:1.   «Тобыл» - «Шахтер» 4:1 Голдар: 0:1 – Наджарян 59, 1:1 – Жұмасқалиев 63, 2:1 – Жұмасқалиев 66, 3:1 – Шимкович 82, 4:1 – Жұмасқалиев 89  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×