Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қостанайдың "Тобылы" Медиаш қаласының "Газ Метан" командасымен жолдастық кездесу өткізеді. Румындықтардың 1945 жылы құрылған бұл командасы Бірінші лигада 2010/2011 жылғы маусымда 7-орын алған болатын.
Сергей Масленов жаттықтыратын қостанайлықтар 3 ақпанда Чехияның Градец-Кралове қаласының «Градец-Крылова» командасын ұтқан болатын. Онда алдымен ойынның екінші жартысында Бауыржан Жолшиев есеп ашты. 11 метрлік айып добын мүлт жібермеген Менсур Куртиши оны 2:0-ге жеткізді.
Жалпы "Тобылдың" Белектегі екінші оқу-жаттығу жиыны 31 қаңтарда басталған болатын. Ол 14 ақпанға дейін жалғаспақ. Мерзім аяқталысымен команда Қостанайға оралады.
http://www.inform.kz