ҚПЛ: Тошевтің дублі "Жетісуға" жеңіс сыйлады

28.07.2019, 03:56
ҚПЛ: Тошевтің дублі "Жетісуға" жеңіс сыйлады

"Жетісу" - Шахтёр" 2:0.

Сол авторлары: М. Тошев, 21, 28 мин.

Бүгін ҚПЛ-дің 20-туры аясында Талдықорғанның "Жетісуы" Қарағандының "Шахтёрын" қабылдап, жеңіске жетті. Матчтағы қос голды да болгариялық шабуылшы Мартин Тошич бірінші таймда соқты. Алдымен, 21 минутта Аслан Дарабаевтың соққысынан кейін Игорь Шацкий қайтарған допты торда тулатты. Ал 28 минутта Елжас Алтынбековтің сол қапталдан әуелете берген пасын баспен сәтті түйіндеп, біздің біріншіліктегі алғашқы дублін жасады.

20-турдан соң "Жетісу" 29 ұпаймен 6-орынға көтерілсе, "Шахтёр" 27 ұпаймен 7-сатыда.

Шамкен Байырбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×