«Қызыл-Жар» екі футболшымен қош айтысты

09.01.2021, 18:55
Екі футболшының да келісімшарты аяқталған көрінеді.
«Қызыл-Жар» екі футболшымен қош айтысты

32 жастағы гамбиялық шабуылшы Момоду Сисей мен сербиялық қорғаушы Урош Делич "Қызыл-Жардан" кетті, деп хабарлады клубтың ресми сайты.

Бұған дейін Момоду Сисей "Қайрат" (46 матч, 8 гол) және "Ертіс" (9 матч) командаларында ойнаған. Петропавлдық клуб үшін шабуылшы 2018 жылы және 2019 жылғы маусымының ортасынан бастап ойнады. Жалпы, ол "Қызыл-Жар" сапында 41 матч өткізіп, 11 гол соқты.

Өткен маусымның соңында Сисей жарақат алып, "Қызыл-Жардан" мерзімінен бұрын кетіп қалған еді.

Ал 33 жастағы Урош Делич "Қызыл-Жар" сапын 2018 жылы толықтырған еді. Қорғаушы петропавлдық клуб үшін 58 матч өткізіп, екі голдың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×