Қызылдар қырқысы

13.01.2013, 02:27
Қызылдар қырқысы
Ертең Алматы уақытымен 19:30-да Ағылшын премьер-лигасында өте қызықты матч ойналмақ. 22-турдың орталық кездесуінде "Мансестер Юнайтед" пен "Ливерпуль" теке тіресі күтіп тұр бізді. Қос "қызылдардың" қырқысында қайсысы басымдылық танытар екен деген күпті сауал көкейімізді тесіп барады. Жауабын берер ешкім жоқ. Бұл ойынның нәтижесі әртүрлі қисынға келуі ықтимал. Нақты, кесіп ешкім де айта алмас.

Дегенмен, "Олд траффорд" қожайындарының басымдылығы баршылық. Десе де, белгілі болғандай ойынға Уэйн Руни қатыса алмайды. Ал қалған ойыншылар сақадай сай. Әсіресе Нани мен Андерсон екеуі жарақатынан айығып кездесуге шығуға ниет етіп отырғандығы жайында ғаламторда ақпараттар кездесуде.

Өткен жылы даулы мәселеге түрткі болған Суарес пен Эвра арасындағы жанжал бұл жолы қалай болар екен. Тағы бір оттың шығып қалуын да мамандар күтуде. Командалар ойын алдында қол алмасқанда Евра мен Суарес ел қатарлы қол алыса ма деген сауал да өте актуалды болып отыр.

Болжамдар бойынша ойында "МЮ" жеңіске жетуі тиіс. Букмекерлер беріп отырған бағаның ішінде Тотал Манчестер Юн (2) көп 2.35 деген бәсті біз өте ықтимал деген қатарға жатқызып отырмыз. Аңыздар айқасында голдың да көп кіруі заңды дүние.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×