Қызықтың көкесі алда

27.12.2010, 09:01
Қызықтың көкесі алда
2011 жылғы футбол маусымы тартысты бәсекелерге толы болмақ. Ең алдымен біз қазақстандық жанкүйерлерді қызықтыратын жарыстарға тоқталайық. Ондай додадалардың саны аз емес. Мәселен, 2012 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары, Еуролига бәсекелері және басқа да толып жатқан сайыстар бар. Жыл бысында Ресейдің бас шаһары – Мәскеу қаласында “Достастық кубогының” өтуі жақсы бір дәстүрге айналды. Бұған дейін еңсе тіктей алмай келген жерлестеріміз биыл аталмыш жарыстың ақтық сынына шығып, өз жанкүйерлерін бір қуантып тастаған болатын. Сол кезде “Ақтөбе” клубының ойынына сүйсінбеген жанкүйерлер кемде-кем еді. Алдағы додада Қостанайдың “Тобылы” күш сынасады. Жуырда жеребе тарту рәсімі өтіп, жерлестеріміздің қарсыластары анықталды. Сонымен, “Тобыл” “В” тобында шеберлік байқасады. Біздің қарсыластарымыз – Риганың “Сконто”, Ереванның “Мика” және Өзбекстанның “Бунедкор” командалары. Өзге топтарда мына клубтар өнер көрсетеді: “А” тобы – Интер (Баку, Әзірбайжан), “Искра-Сталь” (Рыбница, Молдова), “Истиклоп” (Душанбе, Тәжікстан), “Нефтчи” (Қошқар-Ата, Қырғызстан), “С” тобы – “Зенит” (Санкт-Петербург, Ресей), “Небитчи” (Балқанабад, Түрікменстан), “Шахтер” (Солигорск, Беларусь). Флора (Таллин, Эстония). “Д” тобы – Ресейдің жастар құрамасы, “Динамо” (Киев, Украина), ХИК (Хельсинки, Финляндия) және “Экранес” (Пеневежис, Литва). Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде күш сынасып жатқан Қазақстанның ұлттық құрамасы әзірге төрт кездесу өткізіп, барлығында да жеңіліс тапты. Өз қақпасына 10 доп жіберіп алған жерлестеріміз әлі бір мәрте мергендік таныта алған жоқ. Келесі жылы сол олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік туып отыр. Алғашқы кездесуді 25 наурызда Германия құрамасына қарсы өткізсек, 3 маусымда Әзірбайжанды қабылдаймыз. 2 және 6 қыркүйекте Түркия және Әзірбайжанмен сырт алаңда шеберлік байқасамыз. 7 қазанда Бельгияға сапар шексек, арада төрт күн өткеннен соң Астанада Австрия құрамасымен күш сынасамыз. Қазақстан футболшыларының “Еуро-2012″ жарысының жолдамасынан әлдеқашан айырылғаны анық, алайда қалған кездесулерде аяқдоп шеберлеріміз, ең болмағанда, көрермендер көңілінен шығатындай ойын өрнегін көрсетсе екен деген тілегіміз бар. Жуырда Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының плей-офф ойындарының жеребесі тартылды. Оның нәтижелері төмендегідей: Чемпиондар лигасы (1/8 финал) “Рома” (Италия) – “Шахтер” (Украина) “Милан” (Италия) – “Тоттенхэм” (Англия) “Валенсия” (Испания) – “Шальке-04″ (Германия) “Интер” (Италия) – “Бавария” (Германия) “Лион” (Франция) – “Реал” (Испания) “Арсенал” (Англия) – “Барселона” (Испания) “Марсель” (Франция) – “Манчестер Юнайтед” (Англия) “Копенгаген” (Дания) – “Челси” (Англия) Еуропа лигасы (1/16 финал) “Наполи” (Италия) – “Вильяреал” (Испания) “Рейнджерс” (Шотландия) – “Спортинг” (Португалия) “Спарта” (Чехия)” – “Ливерпуль” (Англия) “Андерлехт” (Бельгия) – “Аякс” (Голландия) “Лех” (Польша) – “Брага” (Португалия) “Бешикташ” (Түркия) – “Динамо” (Киев, Украина) “Базель” (Швейцария) – “Спартак” (Мәскеу, Ресей) “Янг Бойз” (Швейцария) – “Зенит” (Ресей) “Арис” (Грекия) – “Манчестер Сити” (Англия) “ПАОК” (Грекия) – “ЦСКА” (Мәскеу, Ресей) “Севилья” (Испания) – “Порту” (Португалия) “Рубин” (Ресей) – “Твенте” (Голландия) “Лилль” (Франция) – “ПСВ” (Голландия) “Бенфика” (Португалия) – “Штутгарт” (Германия) “БАТЭ” (Беларусь) – “Пари Сен-Жермен” (Франция) “Металлист” (Украина) – “Байер” (Германия) Ғалым ҚАМАШҰЛЫ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×