Жұмасқалиев Чемпиондар лигасын қиғаны ма?

27.12.2010, 08:54
Жұмасқалиев Чемпиондар лигасын қиғаны ма?
11 жыл бойы “Тобылды” өрге сүйреген, Интертото кубогының иегері, ел чемпионы Нұрбол Жұмасқалиев қостанайлықтармен қоштасуға жақын. Келісім шарты аяқталған Жұмасқалиев келесі маусымнан бастап “Локомотивтің” намысын қорғауға дайын. Астаналық клубтың директоры Григорий Лорияның айтуынша “футболшымен ауызша келісіп қойдық, енді заң жүзінде келіссек болды”,- дейді. Нұрболмен келісім шартқа отыру алдағы сейсенбіге жоспарланыпты. Сондай-ақ, Андрей Карпович “Локомотив” сапына қайта ауысты. Астаналық клуб футболшымен екі жылдық келісімге келді. Естеріңізге сала кетейік Карпович бұдан бұрында Локомотив сапында өнер көрсеткен. Алайда былтыр Ақтөбеліктер қатарына барған еді. Енді міне Астанаға қайта оралды ұлттық құрама капитаны.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×