Пилар 1978 жылы 17 наурызда Мадридтің жанындағы Торрехон-де-Ардос деген жерде дүниеге келген. Одан бөлек отбасында тағы екі ұл, екі қыз бар. Ата-анасы Эстер және Альберто Рубио туралы ешқандай ақпарат жоқ, өйткені Пилар отбасының жеке өмірі кадрдан тыс болғанын қалайды. Сұқбат барысында туыстары туралы айтпайды және фотоларын әлеуметтік желілерге жүктемейді.
Университет қабырғасында экономиканы меңгерген, бірақ бұл саланың ұнамайтындығын тез ұғынып, журналистикаға қызыққан. Дәл осы сұлу келбеті журналистика саласындағы бастапқы қадамына себепші болды.
Журналист әрі актрисаның танымалдығының артуына мадридтік «Реал» қорғаушысы Серхио Рамоспен қарым-қатынасы әсер етті. Олар "Alma Foundation" қайырымдылық іс-шарасында танысқан. Пилар аяқдопшыға бірінші жақындап, Серхиодан клуб символикасы бар форманы сыйлыққа беруін сұраған. Жұп сырттай идеал болып көрінгенімен, олардың тәрбиесі және дүниетанымындағы айырмашылық әрдайым жаңа кедергілер туындатып отырған.
Рамос сүйіктісінің үйде тыныш өмір сүргенін қалайды. Алайда, танымал журналист үшін тек үйде отыру мүмкін еместей көрінеді. Дәл осы себеп олардың қарым-қатынасының бұзылуына алып келген. Ұзаққа бармай қайта қосылған жұптың алғашқы сәбиі 2014 жылы дүниеге келген. 2015 пен 2018 жылдары Пилар сүйіктісіне тағы екі сәби сыйлаған.
Испания халқы Пилар Рубионы әйгілі аяқдопшының жары ретінде емес, кәсіби маман, жеке тұлға ретінде қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET