Рауан командасын ауыстырды

20.07.2012, 05:42
Рауан командасын ауыстырды
«Оле Бразил» футбол академиясының тәрбиеленушісі, қазақстандық жас футболшы Рауан Сәриев Рио-де-Жанейроның «Ботафого» клубы ойыншысы атанды, деп хабарлады осы елдің БАҚ-тарына сілтеме жасай отырып «Қазақстанның спорт порталы». Өткен жылы жас футболшы Р. Сәриев бразилиялық футбол клубымен («Атлетико Минейро») келісімшарт жасасқан алғашқы қазақстандық болған еді. Қазіргі уақытта ол «Ботафого» U-20 «Пантера» командасына өтіп, жаттығуды бастап та кетті. Айта кетейік, «Ботафого» – Бразилияның мықты футбол клубтарының бірі. Бұл команда елінің екі дүркін чемпионы, Рио-де-Жанейро штатының бірнеше дүркін чемпионы, КОНМЕБОЛ кубогының жеңімпазы. ҚАЗАҚПАРАТ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×