"Реал" "Левантеге" есе жіберді

20.09.2011, 19:22
"Реал" "Левантеге" есе жіберді
Испан премьерасының тізгінін ұстаған Мадридтің Реалы сырт алаңда Левантеден 0:1 есебімен ұтылып, бесінші сатыға түсіп қалды. Корольдік клубтың басты қарсыласы Барселона 3-і турда ірі есеппен жеңіске жетті. Алдыңғы екі бірдей ойында жеңіске жете алмаған Барселона ашуын Осасуна футболшыларынан алды. Камп Ноу стадионында білгендерін істеген Каталония командасы қонақтардың қақпасына жауапсыз сегіз доп соқты. Месси бастаған мықтылар мәселенің бәрін бірінші таймда шешіп тастады. Әлемнің үздік футболшысы небәрі бесінші минутта мергендік танытса, артынша Фабрегастың көзге түсуіне жағдай жасады. Аргентиналық шабуылшы бұл ойында үш голдың авторы атанды. Мессиден Давид Вилья да қалыспады. Қос допты еншілеген Испания сұрмергені 34-ші және 76-шы минуттарда қақпа кілтін тапты. Кездесудің бірінші кезеңінде бес гол соққан Барселона, ойынның екінші бөлігінде тағы үш мәрте жанкүйерлерін қуантты. Алдымен Хави кезек сұрады. Сосын Вилья мен Месси кездесуге нүкте қойды. Есеп:8:0. Барселона 7 ұпаймен үшінші сатыға шықты. Осасуна биылғы маусымдағы алғашқы сәтсіздігіне жолықты. Хабар телеарнасы
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×