“РЕАЛ” мен “ШАЛЬКЕ”: ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА БІР ҚАДАМ…

06.04.2011, 19:13
“РЕАЛ” мен “ШАЛЬКЕ”: ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА БІР ҚАДАМ…
Милан мен Мадрид. Бүкіл әлем жұртшылығы көз тіккен футбол орталығына айналды. Кәрі құрлықтың тарихи қос шаһарындағы тойды миллиардтаған жанкүйер тамашалағаны айтпаса да түсінікті. Шыны керек, бүгінгі ойында тамаша ойын өрнегін көрсеткен “Реал” мен “Шальке” өз қарсыластарын “түтіп” тастады. РЕАЛ МАДРИД – ТОТТЕНХЭМ 4:0 Адебайор, 5 (1:0). Адебайор, 57 (2:0). Ди Мария, 72 (3:0). Криштиану Роналду, 87 (4:0). “Реал”: Касильяс, Рикарду Карвалью, Серхио Рамос, Пепе, Марселу, Хаби Алонсо, Ди Мария (Кака, 77), Езил, Хедира (Диарра, 61), Криштиану Роналду, Адебайор (Игуаин, 75). “Тоттенхэм”: Гомес, Чорлука (Бассонг, 80), Галлас, Доусон, Бэйл, Ассу Экотто, Ван дер Варт (Дефо, 46), Модрич, Сандру, Дженас, Крауч. Ескертулер: Крауч, 8. Адебайор, 12. Ван дер Варт, 20. Пепе, 36. Дефо, 74. Алаңнан қуылды: Крауч, 15 Төреші: Брих (Германия). Бұл ойынға “Реал” ойыншылары Фернандо Гаго , Карим Бензема және Педро Леон шыға алмады. Тіпті Роналдудың да ойынға қатысу қатыспауы соңы сәтке дейін белгісіз болды. Испания чемпионатында “Спортинг Хихоннан” ұтылған Моуриньо бұл ойынға біраз тактикалық өзгерістер енгізді. Ал Тони Паркс баптайтын “Тоттенхэм” бір айға жуық уақыт болды, жеңіске жете алмай келеді. Яғни, бұл команда соңғы төрт ойында жеңістің дәмін татқан жоқ. ”Блэкпулден” (1:3) ұтылып, “Вулвэрхэмптон” (3:3) “Вэст Хэм”, “Уиган” командаларымен (0:0) тең тарқасты. Қонақтар сапынан Мадридтегі ойынға ағылшындық қорғаушылар Лэдли Кинг , Джонатан Вудгейт және француз Юнес Кабул жарақатына байланысты алаңға шықпады. ИНТЕР – ШАЛЬКЕ 04 2:5 Станкович, 1 (1:0), Матип, 17 (1:1), Милито, 33 (2:1), Эду, 40 (2:2) Рауль, 54 (2:3), Раноккия, 56-а/г (2:4), Эду, 75 (2:5) “Интер”: Жулиу Сезар, Дзанетти, Майкон, Раноккья, Киву, Станкович (Харджа, 24. Кордоба, 63), Мотта (Нагатомо, 76), Снайдер, Камбьяссо, Это`о, Милито. “Шальке”: Нойер, Сарпей, Хеведес, Пападопулос, Утида, Матип, Баумйоханн (Шмиц, 76), Хурадо (Дракслер, 83), Рауль (Карими, 87), Эду, Фарфан. Ескертулер: Станкович, 13. Фарфан, 45+3. Киву, 52. Сарпей, 60. Пападопулос, 68. Рауль, 85. Алаңнан қуылды: Киву 62. Төреші: Аткинсон (Англия).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×