1999 жылғы «Алтын доп» иегері бразилиялық футболшы Ривалдо үлкен футболмен қош айтысты.
« 24 жылда осындай деңгейге жеткенім үшін ең алдымен Жаратқан Иеме, отбасыма және де сүйікті жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Маған қолдау білдіріп, биіктерден көрінуіме көп көмегін тигізді. Футбол әлеміндегі барша жанкүйерлеріме футболмен қош айтысқанымды баян еткім келеді. Бұл жолда көптеген кедергілерге, қиыншылықтарға кезіксем де, күресуді тоқтатқан емеспін. Соның арқасында қуанышты, жеңісті күндерім де көп болды. Барлықтарыңызға рахмет! » - деп жазды өзінің инстаграм парақшасында бразилиялық футболшы.
Ривалдо Бразилия, Испания, Греция, Өзбекстан чемпионаттарының жеңімпазы атанған. 2003 жылы Чемпиондар Лигасын ұтқан. 2 рет УЕФА Суперкубогын, Конфедерация Кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар, Әлем Чемпионатының - алтын (2002) және күміс (1998) жүлдегері. Ривалдо Әлемнің және Еуропаның ең үздік футболшысы болып танылды.
Абылайхан ЖҰМАШ