Неміс Бундеслигасы

17.03.2014, 04:44
Неміс Бундеслигасы
"Баварияның" Бундеслигада соңғы рет, қашан, қайда, кімнен сүрінгенін ұмытқан жанкүйерлер болса, еске сала кетейін. Мюнхендік команда соңғы рет дәл бүгінгі қарсыласымен, былтыр, "БайАренада" ойнаған кезде сүрінген болатын. Содан бері қатарынан 16 жеңіс. Соңғы ресми кездесуі өз алаңында, "Арсеналға" қарсы ойнап, лондондықтармен тең түскен еді. Ал, "Байер" сәрсенбі күні  "ПСЖдан" екінші рет жеңіліп, Чемпиондар Лигасында жарыс жолын тоқтатқантұғын. Бүгін леверкузендіктерге чемпионатта екінші рет, неміс машинасынан ұпай тартып алуы оңай бола қоймас. Біріншіден, қонақта ойнайды, екіншіден, "Баварияның" қарқыны мықты, үшіншіден леверкузендік команданың өзінің ойын өрнегі өте нашар. Соңғы ойындарда жеңіске деген құлшыныс та, командалық ойында жоқ Хююпия шәкірттерінде. Ал, "Бавария" чемпионатта соңғы төрт ойында, әр матчқа шаққанда қарсылас қақпасына 4 голдан тоғытып отыр. Иә, қонақтарға бүгін оңай соқпасы анық.. Бірінші тайм, екі команданың тең ойынымен өтті десек қателеспезбіз. "Бавария", өз мүмкіндіктерін толықтай паш етпесе, қонақтар тыныш жатқан жыланның құйрығын басқысы келмегендей, Нойер қақпасының маңында болған 1-2 мүмкіндктерін пайдалана алған жоқ. Бірақ, Пеп шәкірттері үзіліске бірнеше секундтар қалған кезде, "Альянс-Аренаға" жиналған өз жанкүйерлерін қуантты. Швайнштайгердің оң қанаттан әуелетіп асырған пасынан кейін, бойшаң Манджукич екінші қабатта орталық қорғаушылардың бірінен айласын асырып, басымен қақпаның сол бұрышына допты тоғытты. Екінші таймның басында үзілістен шыға сала, гол салған "Бавария", енді толық қанды ойын тағдырын шешіп қойды. Швайнштайгердің айып соққысынан кейін, тоғыздыққа бағыттаған добы қақпа төрінде тулады. Қалған уақытта, леверкузендіктер есепті қысқартудан гөрі, мюнхендіктер үшінші голдарын салуға жақын болды. Бірақ, 91-ші минутта, Пеп шәкірттерінің босаңсығанын пайдаланған Кастро, Кисслингке пас беріп, неміс шабулшысы есепті қысқартты. Чемпион "Бавария" кезекті қарсыласын қапыда қалдырды. Ал, Хююпия келесі жылы Чемпиондар Лигасында командасын алып шығуға үміті бар болса, команда ойынына өзгеріс енгізбесе болмас.

15 наурыз. Мюнхен. Стадион "Альянц Арена".  Төреші - Маркус Шмидт (Штутгарт).

БАВАРИЯ - БАЙЕР - 2:1 (1:0)
 Манджукич, 44 (1:0). Швайнштайгер, 52 (2:0). Кисслинг, 90+1 (2:1).
Бавария Байер
 Мануэль Нойер  Бернд Лено
 Диего Контенто  Себастьян Бениш
 Джером Боатенг  Эмир Спахич
 Даниэль Ван Бюйтен  Филипп Вольшайд
 Марсио Рафинья  Роберто Хильберт
 Бастиан Швайнштайгер  Эмре Джан, 80
 Марио Гётце  Симон Рольфес
 Тони Кроос, 85  Ларс Бендер
 Томас Мюллер  Сон Хюн Мин, 66
 Арьен Роббен, 66  Гонсало Кастро
 Марио Манджукич, 75  Штефан Кисслинг
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Франк Рибери, 66  Сидней Сэм, 66
 Джердан Шакири, 75  Эрен Дердийок, 80
 Тиаго Алькантара, 85  

Ескертулер:

 Диего Контенто, 28  Гонсало Кастро, 57
 Марсио Рафинья, 78  Эмир Спахич, 81
   Ларс Бендер, 86

 

Ал, Дортмунд шаһарында екі "Боруссияның" жолы түйісті. Дортмундық "Боруссияның" жағдайы шайқалған әткеншек секілді болса, яғни жеңіспен жеңіліс қатар жүрсе, Гладбахтың жағдайы мүшкілдеу. Біраз уақыт бұрын Чемпиондар Лигасына жолдама берер орындарда жүргенімен, соңғы 7 ойында жеңістің ауылын ұмытып 8-ші орынға бір-ақ сырғыған жайы бар. Клопп жігіттері, "Зенитке" қарсы болатын қарымта кездесу алдында, өз алаңында репетиция жасап көрмек. Бірақ, ойынға команда лидері Ройс, сары қағаздарды біраз жинаған Мхитарян қатыса алмайды. Ойын басталысымен, жылдам гол салуды көздеген дортмундықтар Штанге қорғаған қақпаға шабуылдар жасады. Болашақ "Барселонаның" қақпашысының шеберлігін де, қақпа бағанасының беріктігін де тексеріп бақты. Екеуі де тырп етпеді. Алаң иелерінің қарқынына төтеп берген гладбахтықтар тайм ортасында күтпеген жерден есеп ашып қана қоймай, бірінші тайм аяғына дейін еселеп үлгерді. Гол авторлары-Раффаэл мен Крузе. Екінші таймда Клопп шәкірттерінің қолынан келгені тек қана есепті қысқарту. Онда да алаңнан қонақтар сапынан бір ойыншы қуылғаннан кейін. Сонымен, "Боруссия" дуэлінде "Боруссия" жеңді. Ал, жеңілген "Боруссияның" психологиясына бұл жеңіліс, "Зенитпен" болар қарымта ойын алдында айтарлықтай соққы бола қоймас.

15 наурыз. Дортмунд. Стадион "Сигнал Идуна Парк".  Төреші - Дениз Айтекин (Оберасбах).

БОРУССИЯ Д - БОРУССИЯ М - 1:2 (0:2)
 Раффаэл, 32 (0:1). Крузе, 40 (0:2). Йойич, 77 (1:2).
Боруссия Д Боруссия М
 Роман Вайденфеллер  Марк-Андре тер Штеген
 Марсель Шмельцер  Филип Дэмс
 Матс Хуммельс  Альваро Домингес
 Сократис Папастатопулос  Мартин Штранцль
 Лукаш Пищек, 67  Юлиан Корб
 Себастьян Кель, 63  Хуан Аранго
 Нури Шахин  Кристоф Крамер
 Кевин Гросскройтц  Ховард Нордтвейт
 Йонас Хофман  Патрик Херманн, 79
 Пьер-Эмерик Обамеянг, 82  Раффаэл, 89
 Роберт Левандовски  Макс Крузе, 75
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Милош Йойич, 63  Торбен Маркс, 75
 Марвин Дукш, 67  Лукас Рупп, 79
 Юлиан Шибер, 82  Рул Броуверс, 89

Ескетулер:

 Роберт Левандовски, 60  Ховард Нордтвейт, 68
   Ховард Нордтвейт, 69

 

Неміс Бундеслигасының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Аугсург-Шальке-1:2 Голдар: Вернер, 5(1:0). Хунтелар, 33(1:1). Хунтелар, 49(1:2). Вердер-Штутгарт-1:1 Голдар: Нидермайер, 55(0:1). Хант, 79(1:1). Хоффенхайм-Майнц-2:4 Голдар: Полянски, 49 (1:0). Роберто Фирмино, 53 (2:0). Чупо-Мотинг, 67 (2:1). Саллер, 73 (2:2). Окадзаки, 75 (2:3). Окадзаки, 90+2 (2:4). Айнтрахт Б-Вольфсбург-1:1 Голдар:  Луис Густаво, 36 (0:1). Беллараби, 48 (1:1). Герта-Ганновер-0:3 Голдар: Штиндль, 49 (0:1). Шлаудрафф, 57 (0:2). Хусти, 90+1 (0:3). Гамбург-Нюрнберг-2:1 Голдар:  Калханоглу, 80 (1:0). Франц, 86 -өз қақпасына (2:0). Дрмич, 90+1 (2:1).

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  БАВАРИЯ 25 23 2 0 74-12 71
2  БОРУССИЯ Д 25 15 3 7 56-29 48
3  ШАЛЬКЕ 04 25 14 5 6 48-36 47
4  БАЙЕР 25 14 2 9 41-29 44
5  МАЙНЦ 25 12 5 8 37-38 41
6  ВОЛЬФСБУРГ 25 12 4 9 42-39 40
7  БОРУССИЯ М 25 11 6 8 43-32 39
8  АУГСБУРГ 25 11 5 9 38-36 38
9  ГЕРТА 25 10 6 9 35-31 36
10  ХОФФЕНХАЙМ 25 7 8 10 54-56 29
11  ГАННОВЕР 25 8 5 12 34-43 29
12  ВЕРДЕР 25 7 8 10 29-47 29
13  АЙНТРАХТ Ф 24 6 8 10 27-40 26
14  ГАМБУРГ 25 6 5 14 41-54 23
15  НЮРНБЕРГ 25 4 11 10 28-44 23
16  ШТУТГАРТ 25 5 6 14 39-52 21
17  ФРАЙБУРГ 24 4 7 13 22-45 19
18  АЙНТРАХТ Б 25 4 6 15 20-45 18

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×