Ривалдо футболдағы мансабын аяқтады

16.03.2014, 21:06
Ривалдо футболдағы мансабын аяқтады
Ривалдо завершил карьеру - Футбол 1999 жылғы «Алтын доп» иегері бразилиялық футболшы Ривалдо үлкен футболмен қош айтысты. « 24 жылда осындай деңгейге жеткенім үшін ең алдымен Жаратқан Иеме, отбасыма және де сүйікті жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Маған қолдау білдіріп, биіктерден көрінуіме көп көмегін тигізді. Футбол әлеміндегі барша жанкүйерлеріме футболмен қош айтысқанымды баян еткім келеді. Бұл жолда көптеген кедергілерге, қиыншылықтарға кезіксем де, күресуді тоқтатқан емеспін. Соның арқасында қуанышты, жеңісті күндерім де көп болды. Барлықтарыңызға рахмет! » - деп жазды өзінің инстаграм парақшасында бразилиялық футболшы. Ривалдо Бразилия, Испания, Греция, Өзбекстан чемпионаттарының жеңімпазы атанған. 2003 жылы Чемпиондар Лигасын ұтқан. 2 рет УЕФА Суперкубогын, Конфедерация Кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар, Әлем Чемпионатының - алтын (2002) және күміс  (1998) жүлдегері. Ривалдо Әлемнің және Еуропаның ең үздік футболшысы болып танылды.  
Футбол
Ривалдо
Толық мәлімет
Аты-жөні Рива́лдо Ви́тор Бо́рба Ферре́йра
Туылған мерзімі, мекені 19 сәуір 1972 (41 жас) ПаулистаБразилия
Азаматтығы Флаг Бразилии Бразилия Флаг Испании Испания
Бойы 186 см
Салмағы 75 кг
Алаңдағы орны шабуылшы
Клуб жөнінде мәлімет
Клуб мансабын аяқтады
Мансап
Жастар құрамасы
1989—1991 Флаг Бразилии (1968-1992) Паулиста
Клубтық мансабы
1991—1992 Флаг Бразилии (1968-1992) Санта-Круз 4 (6)
1992—1993 Флаг Бразилии Можи-Мирин 30 (10)
1993—1994 Флаг Бразилии Коринтианс 41 (17)
1994—1996 Флаг Бразилии Палмейрас 104 (53)
1996—1997 Флаг Испании Депортиво Ла-Корунья 41 (21)
1997—2002 Флаг Испании Барселона 157 (86)
2002—2003 Флаг Италии Милан 22 (5)
2004 Флаг Бразилии Крузейро 38 (21)
2004—2007 Флаг Греции Олимпиакос 70 (36)
2007—2008 Флаг Греции АЕК 29 (8)
2008—2010 Флаг Узбекистана Бунёдкор 61 (37)
2011 Флаг Бразилии Можи-Мирин 34 (16)
2011 → Флаг Бразилии Сан-Паулу 30 (5)
2012 Флаг Анголы Кабушкорп 21 (11)
2013 Флаг Бразилии Сан-Каэтано 17 (2)
Ұлттық құрама
1992—1993 Флаг Бразилии Бразилия (20 жас) 9 (1)
1996 Флаг Бразилии Бразилия (олимп.) 8 (6)
1993—2003 Флаг Бразилии Бразилия 74 (34)
Халықаралық жүлделері
Олимпиадалық ойын
Қола Атланта 1996 футбол
Әлем Чемпионаты
Күміс Франция 1998
Алтын Жапония/Корея 2002
Конфедерация Кубогы
Алтын Сауд Арабиясы 1997
Америка Кубогы
Алтын Парагвай 1999
  Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
1-тур. "Ақтөбе" топ бастады
Келесі жаңалық
Неміс Бундеслигасы
Серіктес жаңалықтары
×