Ағылшын Примьер-Лигасы

17.03.2014, 06:51
Ағылшын Примьер-Лигасы

Солтүстік Лондонның дербиіне екі команда да көтеріңкі көңіл күймен келді деуге келмес. "Арсенал" үшін алынбас қамал болған Чемпиондар Лигасының 1\8 финалында "Бавария" жолын бөгесе, "Тоттенхэм" Еуропа Лигасында өз алаңында "Бенфикадан" 3 гол жіберіп, жарыс жолынан шықты десек те болады.

 Қарымта кездесуде, Лиссабонда "шпорлар" дәл бүгінгідей халімен жауапсыз 3 гол тоғытады дегенге сену қиын. Екі ұжымның арасы соншалықты алшақ емес, егер бүгін "Тоттенхэм" жеңіске жетсе арасы мүлде қысқармақ. Бірақ, дербидің атмосферасы басқа болары анық. Командалар қай орында, қанша ұпаймен тұрғанына аса қатты көңіл аудара қоймайды, маңыздысы ұятқа қалмау, қарсыласын сан соқытру. Бұл ойынның тағдырын, әрине, Росицкидің жылдам соғылған голы шешіп берді. Орталық алаңда допты тартып ала білген" зеңбірекшілердің" қарсы шабуылы чехтың тоғыздыққа тоғытқан жойқын соққысымен аяқталды. Шервуд шәкірттерінің жоспарына жылдам гол өткізу кірмегені белгілі. Тайм аяғына дейін тұшымды шабуылдар ұйымдастыра қойған жоқ. Керісінше, "Арсеналда" есепті еселейтін мүмкіндіктер болды. Ал, екінші таймда алаңда тең ойын өрбігенімен есеп өзгеріссіз. "Арсенал" маңызды жеңіске қол жеткізді, бірақ үшінші орында тұрғанымен олардан екі ойын кем өткізген "Манчестер Сити" оларды қола жүлделі орыннан сырғытуы мүмкін.  

16 наурыз. Лондон. Стадион "Уайт Харт Лэйн".  Төреші - Майк Дин (Хесволл).

ТОТТЕНХЭМ - АРСЕНАЛ - 0:1 (0:1)
 Росицки, 2 (0:1).
Тоттенхэм Арсенал
 Уго Льорис  Войцех Щесны
 Кайл Нотон  Бакари Санья
 Юнес Кабуль  Пер Мертесакер
 Ян Вертонген  Лоран Косельни
 Дэнни Роуз  Киран Гиббс
 Сандро, 68  Микель Артета
 Набиль Бенталеб  Томаш Росицки, 69
 Андрос Таунсенд  Алекс Чемберлен, 85
 Кристиан Эриксен, 82  Санти Касорла
 Насер Шадли, 69  Лукас Подольски, 77
 Эммануэль Адебайор  Оливье Жиру
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Паулиньо, 68  Матье Фламини, 69
 Гюльфи Сигурдссон, 69  Начо Монреаль, 77
 Роберто Сольдадо, 82  Томас Вермален, 85

Ескертулер:

 Насер Шадли, 33  Бакари Санья, 22
 Сандро, 49  Киран Гиббс, 45+1
 Ян Вертонген, 76  Матье Фламини, 80
 Дэнни Роуз, 93+  
 Роберто Сольдадо, 95+  

 

Нағыз драма Манчестерде болды. "Манчестер Юнайтед"-"Ливерпуль" ойынында. 3 пенальти, бір алаңнан қуылу. Орындалған пенальтилер даусыз, орындалмаған үшінші пенальти даулы, күмәнді, орынсыз. Орынсыз болғандықтан да Стиви Джи бағыттаған "футбол снаряды" қақпаға даруға жүрексінген болар. Басты назар бас қазының қателіктері еді. Үшінші пенальтидің орынсыз болатын себебі, Видичтің аяғы Старриджге тиген жоқ. құлайтындай контакт болған да жоқ. Онымен қоймай, төреші жазықсыз Видичті алаңнан қуды. Әрине, бұл эпизод Англия футбол федерациясының назарынан тыс қалмасы анық. Шебер шабуылшы  Старриджге, енді "шебер актер" деген лақап ат та жабыспаса болғаны. Жалпы, ойынды қорытындылай келе, әрине, төрешінің кейбір шешімдері қызылдар пайдасына болғаны анық, бірақ жеңіліске кінәні бас қазыдан емес, өздерінен іздегені жөн болар "қызыл сойқандардың". 11-ге 11 ойнаған кезде де, ойын тізгіні толыққанды "Ливерпуль" қолында болды. Шабуылдары өткір, пастары дәл, онымен қоса Юнайтед шабуылдарын түгелдейін дерлік жартылай қорғаныста тұншықтырып отырды. "Қызыл сойқандар" осал, Грекиядағы "Олимпиакостан" жеңілу кездейсоқтық емес. Ал, "Ливерпульді" жеңісімен құттықтаймыз. Команда екінші орында, егер, дәл бүгінгідей маусымның қалған ойындарында осындай сенімділікпен ойнаса, Примьер-Лиганың алтыны "Энфилд" үшін арман емес.
 

16 наурыз. Манчестер. Стадион "Олд Траффорд". 75225 көрермен.  Төреші- Марк Клаттенбург (Ньюкасл-апон-Тайн).

МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД - ЛИВЕРПУЛЬ - 0:3 (0:1)
 Джеррард, 34 - с пенальти (0:1). Джеррард, 46 - пенальтиден (0:2). Суарес, 84 (0:3).
 Джеррард, 78 (қақпа бағанасы).
Манчестер Юнайтед Ливерпуль
 Давид Де Хеа  Симон Миньоле
 Рафаэл  Джон Флэнэган
 Неманья Видич  Мартин Шкртел
 Фил Джонс  Даниэль Аггер
 Патрис Эвра  Глен Джонсон
 Майкл Кэррик  Стивен Джеррард, 86
 Маруан Феллаини, 76  Джо Аллен
 Хуан Мата, 87  Джордан Хендерсон
 Уэйн Руни  Рахим Стерлинг, 72
 Аднан Янузай, 76  Луис Суарес
 Робин ван Перси  Даниэль Старридж, 90+2
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Том Клеверли, 76  Филиппе Коутиньо, 72
 Дэнни Уэлбек, 76  Лукас, 86
 Рио Фердинанд, 87  Яго Аспас, 90+2

Ескертулер:

 Рафаэл, 32  Джон Флэнэган, 31
 Неманья Видич, 71  Стивен Джеррард, 37
 Неманья Видич, 77  Мартин Шкртел, 54

 

Көшбасшылық орынды сақтап тұру оңай емес, әсіресе қарсыластарын ұзақ емес болса. Психологиялық қысым. "Челси" кезекті турда, қонаққа "Астон Виллаға" барды. "Челси" жеңіске қалай зәру болса, бирменгемдіктер де олардан кем емес. Қауіпті аймақтан алыстай түсу үшін, жеңіске жету керек. Ойынның тағдырың ойыншылар емес, төрешілер шешті. Матичтің жазылған заң бойынша соғылған голын Крис Фой неге екенін белгісіз есептеген жоқ. 68-ші минутта Виллианды алаңнан қуды, бірақ, онымен дауласу негізсіз. Бір ойыншыға басымдылығын Астон Вилла пайдалана біліп, матчтағы жалғыз голды Дельф, Чех қақпасына тоғытты. Ойынның соңында Рамирес те алаңнан қуылды. Моуриньо шәкірттері жағдайы қиындады, Сити еншісінде 2 ойын кем, онымен қоса "Ливерпуль" де ақсаңдар емес. Онымен қоса, келесі ойында негізгі құрамның ойыншылары Рамирес пен Виллиан да ойынға қатыса алмайды. Кім білсін, осы сүріну маусым аяғында "ақсүйектер" үшін тым қымбатқа түсуі де мүмкін

15 наурыз. Бирмингем. Стадион "Вилла Парк". 40084 көрермен.  Төреші - Крис Фой (Мерсисайд).

АСТОН ВИЛЛА - ЧЕЛСИ - 1:0 (0:0)
 Дельф, 82 (1:0).
Астон Вилла Челси
 Брэд Гузан  Петр Чех
 Леандро Бакуна  Бранислав Иванович
 Рон Влаар  Гари Кэхилл
 Натан Бейкер  Джон Терри
 Джозеф Беннетт, 78  Сесар Аспиликуэта
 Фабиан Дельф  Неманья Матич
 Эшли Вествуд  Рамирес
 Карим Эль-Ахмади  Виллиан
 Андреас Вайманн  Оскар, 67
 Габриэль Агбонлахор, 75  Эден Азар
 Кристиан Бентеке  Фернандо Торрес, 67
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Марк Олбрайтон, 75  Андре Шюррле, 67
 Киран Кларк, 78  Демба Ба, 67

Ескертулер:

 Натан Бейкер, 5  Виллиан, 25
 Джозеф Беннетт, 45  Виллиан, 68
 Кристиан Бентеке, 67  Рамирес, 90
 Рон Влаар, 77  
   Рамирес, 90+4

 

"Челсидің" қолынан келмеген іс, "Манчестер Сити" қолынан келді. 11-ші минутта-ақ, бір ойыншыға кем қалған "қалалықтарды" жеңіске жетеді деп кім ойлаған. Әрине, біріншіден Харттың шеберлігінің арқасы. Қақпаға ұшқан доптарға оңды-солды секіріп қақпаға гол дарытпады. Кем қалған "Манчестер Сити", 14-ші минутта есеп ашса, ресми уақыттың ең соңғы минутында Джеко есепті еселеді.

15 наурыз. Кингстон-апон-Халл. Стадион "Кингстон Коммьюникейшн". 24895 көрермен.  Төреші - Ли Мэйсон (Бостон).

ХАЛЛ СИТИ - МАНЧЕСТЕР СИТИ - 0:2 (0:1)
 Давид Сильва, 14 (0:1). Джеко, 90 (0:2).
Халл Сити Манчестер Сити
 Аллан Макгрегор  Джо Харт
 Ахмед Аль-Мухаммади  Пабло Сабалета
 Джеймс Честер  Венсан Компани
 Кёртис Дэйвис  Мартин Демичелис
 Мейнор Фигероа, 46  Гаэль Клиши
 Лиам Росеньор, 80  Хави Гарсия
 Том Хаддлстоун  Фернандиньо
 Джейк Ливермур  Яя Туре, 71
 Дэвид Мейлер, 58  Давид Сильва, 90+1
 Шэйн Лонг  Самир Насри, 81
 Никица Елавич  Эдин Джеко
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Оматсон Алуко, 46  Джолеон Лескотт, 71
 Джордж Бойд, 58  Хесус Навас, 81
 Мэтт Фрятт, 80  Александар Коларов, 90+1

Ескертулер:

 Ахмед Аль-Мухаммади, 34  Пабло Сабалета, 55
 Лиам Росеньор, 70  Джо Харт, 69
   Венсан Компани, 10

 

Ағылшын Примьер-Лигасының қалған ойындарынын нәтижелерімен таныс болыңыздар: Эвертон-Кардифф Сити-2:1 Голдар:  Делофеу, 59 (1:0). Кала, 68 (1:1). Коулмен, 90+3 (2:1). Фулхэм-Ньюкасль-1:0 Гол:   Дежага, 68 (1:0). Саутгемптон-Норвич-4:2 Голдар:  Шнайдерлен, 5 (1:0). Ламберт, 57 (2:0). Родригес, 72 (3:0). Эльмандер, 85 (3:1). Снодграсс, 86 (3:2). Галлахер, 90+7 (4:2). Сток Сити-Вест Хэм-3:1 Голдар:  Кэрролл, 5 (0:1). Одемвингие, 32 (1:1). Арнаутович, 69 (2:1). Одемвингие, 79 (3:1). Сандерленд-Кристал Пэлас-0:0 Суонси-Вест Бромвич-1:2 Голдар:  Лама, 2 (1:0). Сессеньон, 52 (1:1). Мулумбу, 85 (1:2).  

 

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  ЧЕЛСИ 30 20 6 4 56-23 66
2  ЛИВЕРПУЛЬ 29 19 5 5 76-35 62
3  АРСЕНАЛ 29 19 5 5 53-28 62
4  МАНЧЕСТЕР СИТИ 27 19 3 5 71-27 60
5  ТОТТЕНХЭМ 30 16 5 9 37-38 53
6  ЭВЕРТОН 28 14 9 5 40-28 51
7  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 29 14 6 9 46-34 48
8  САУТГЕМПТОН 30 12 9 9 43-37 45
9  НЬЮКАСЛ 29 13 4 12 37-40 43
10  АСТОН ВИЛЛА 29 9 7 13 32-38 34
11  СТОК СИТИ 30 8 10 12 32-44 34
12  ВЕСТ ХЭМ 29 8 7 14 32-38 31
13  ХАЛЛ СИТИ 29 8 6 15 30-37 30
14  СУОНСИ 29 7 8 14 38-43 29
15  НОРВИЧ 30 7 8 15 24-48 29
16  ВЕСТ БРОМВИЧ 29 5 13 11 33-43 28
17  КРИСТАЛ ПЭЛАС 29 8 4 17 19-38 28
18  САНДЕРЛЕНД 27 6 7 14 26-42 25
19  КАРДИФФ СИТИ 30 6 7 17 23-52 25
20  ФУЛХЭМ 30 7 3 20 30-65 24

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Неміс Бундеслигасы
Серіктес жаңалықтары
×