Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Роналдо өзінің ойыншы ретіндегі мансабын бастаған «Крузейро» клубының жаңа қожайыны атанды. Бұл туралы журналист Николо Скира хабарлады.
45 жастағы бразилиялық Роналдо «Крузейрода» 1993-1994 жылдар аралығында ойнады. Осы уақыт ішінде ол 57 гол соғып, клубтың үздік сұрмергені атанды.
«Крузейро» Бразилия чемпионатының В сериясында өнер көрсетеді. 2021 жылғы маусымда команда 38 матчта 48 ұпаймен турнир кестесін 14-ші орынға жайғасты.
2018 жылдың күзінде 45 жастағы функционер испаниялық «Вальядолид» клубының акциясын 30 миллион еуроға сатып алып, команданың иесі және президенті атанған болатын.
Біздің серіктес: FONBET