Душан Тадич Мессидің рекордын жаңартты

19.12.2021, 20:15
Тадич гол соғудан гөрі нәтижелі пастар беріп, көзге түсуде.
Душан Тадич Мессидің рекордын жаңартты

Амстердамдық «Аякстың» шабуылшысы Душан Тадич бір жылда берген нәтижелі пастар саны бойынша «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Лионель Мессиді басып озды.

Голландия чемпионатының 16-шы турындағы матчта «Аякс» шабуылшысы 2021 жылдағы 37-ші нәтижелі пасын берді. Осылайша Тадич Мессидің рекордын жаңартты. 2011 жылы «Барселонаның» аргентиналық футболшысы әріптестеріне 36 рет голдық пас шығарып берген болатын.

Еске салайық, Тадич «Аякс» клубында 2018 жылдан бері ойнап келеді. 33 жастағы сербиялық футболшының клубпен келісім-шарты 2024 жылға дейін жарамды. Биылғы маусымда Тадич Голландия чемпионатында 16 матчқа қатысып, 6 гол мен 11 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×