«Арсенал» АПЛ рекордын орнатты

19.12.2021, 15:26
Лондондық клуб кеше «Лидсті» ірі есеппен жеңді
«Арсенал» АПЛ рекордын орнатты

Ағылшын Премьер-лигасының 18-ші туры аясында «Лидс Юнайтед» «Элланд Роудта» «Арсеналдан» 4:1 есебімен жеңілді.

Лондондық «Арсенал» бірінші таймда қарсылас қақпасына 15 соққы жасады, оның он бірі нысанаға дәл бағытталды. Бұл АПЛ-да 2003/2004 жылғы маусымнан бергі рекордтық көрсеткіш болып табылады, деп хабарлайды OptaJoe статистикалық порталы.

Бұл матчта «Арсеналдың» 21 жасқа дейінгі үш ойыншысы - Габриэль Мартинелли (20), Букайо Сака (20) және Эмиль Смит-Роу (21) көзге түсті. Мұндай жағдай клуб тарихында бұрын-соңды болмаған екен.

Сондай-ақ лондондық клуб бұл ойында АПЛ-дегі 7000-шы голын соқты. Бұл межеге турнир тарихында тек «Ливерпуль» (7069) мен «Эвертон» (7139) ғана жеткен.

«Арсенал» 18 матчта 32 ұпай жинап, Англия Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде 4-ші орында тұр. «Лидс» 16 ұпаймен 16-шы сатыда қала берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×