«Манчестер Сити» Серхио Агуэроға жұмыс ұсынды

19.12.2021, 14:11
Аргентиналыққа басқа клубтардан да ұсыныс түскен екен.
«Манчестер Сити» Серхио Агуэроға жұмыс ұсынды

«Манчестер Сити» аргентиналық футболшы Серхио Агуэроға жұмыс ұсынды, деп хабарлайды Daily Mail басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, «қалалықтар» кәсіби футболдағы мансабын аяқтаған аргентиналыққа елші қызметін ұсынған. Сондай-ақ оған бірнеше клубтан ұсыныс түскен. Бірақ Агуэро болашағына қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ.

Айта кетейік, Агуэро «Манчестер Ситимен» бірге бес рет Англия чемпионы атанды, алты рет Лига кубогін, үш рет ел суперкубогін және бір мәрте Англия кубогін жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×