Роналдоның қоштасу матчы маусымда өтеді

04.03.2011, 17:42
Роналдоның қоштасу матчы маусымда өтеді
Бразилия мен Румыния құрамасының арасында өтетін атақты футболшы Роналдоның қоштасу матчы 7 маусымда Сан-Паулуда өтеді. Теңбіл доп шебері Бразилия құрамасының қатарында соңғы рет алаңға 2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатында шыққан еді. Сол жолы Бразилия ширек финалда Франциядан 0:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған болатын. Одан кейін жалғасқан жарақаттар Роналдоға өз елі үшін өнер көрсетуге мүмкіндік бермеді. Өткен айда футболшы мәлімдеме жасап, соңғы уақытта денсаулығы сыр бере бастағандықтан үлкен спортпен қоштастындығын жария етті. Роналдо екі рет әлем чемпионы, ФИФА нұсқасы бойынша үш рет жылдың үздік футболшысы атанған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Орындалмаған арман
Келесі жаңалық
Агенттер емтиханы
Серіктес жаңалықтары
×