"Аль-Насрдың" капитаны Криштиану Роналду командамен келісімшартын 2 жылға ұзартқаннан кейін клубтың спорттық саладағы шешімдерге әсер ету құқығына ие болды. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады.
Ақпарат көзінің мәліметінше Роналду клубтың бірнеше пайыз акциясына ие болған. Ол өз отандасы Жорже Жезушті бас бапкер етіп тағайындауды белсенді түрде қолдаған.
Сонымен қатар Роналдудың ықпалымен клубтың басшылық құрамына Португалиялық бұрынғы ойыншылар Жозе Семеду мен Симау Коутиньо қосылмақ.