Роналду карьерасын "Реалда" аяқтайды

10.10.2014, 01:56
Роналду карьерасын "Реалда" аяқтайды
Соңғы кездері әлемнің үздік футболшысының төңірегінде алып-қашпа әңгімелер көбейді. Сенсек, Роналду Флорентино Перестың саясатына наразы,  клубтың Чемпиондар Лигасындағы алтының қорғап қалатынына күмәнмен қарайды, өзінің үйі санайтын Манчестерды сағынып жүрген-мыс. Осыған байланысты футболшының агенті Жорже Мендеш осы өсек-аяндарға біржола нүкте қоюды шешіпті. El Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында ол, Роналдудың Реалдан кетпейтінін, міндетті түрде карьерасын корольдік клубта аяқтайтынын мәлімдеді. "Роналдудың Реалдан кетуі шындыққа жанаспайтынын бәрі біледі. Клубпен арадағы келісім-шарт мерзімі ұзақ, оған қоса президентпен, командаластармен, жанкүйерлермен қарым-қатынасы өте жақсы. БАҚ-ында жарияланған кикілжің жайлы ақпараттар бос әңгіме. Әрине, Манчестерді ол сүйеді, ол үшін қымбат, жүрегінде ерекше орын алғаны түсінікті. Дегенмен де, Роналду Реалдан футболшылық ғұмырын аяқтаған кезде ғана кетеді"- деп сенімді мәлімдеді Жорже Мендеш. Естеріңізге сала кетсек, Роналду 2003-2009 жылдар аралығында Манчестер Юнайтедте өнер көрсетіп, 196 ойында 84 мәрте мергендігімен танылған. Ал, Реал Мадридтегі нәтижесі екі есе жоғары. 5 жылдың ішінде 171 ойынға қатысып 190 гол салған. Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×