Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Рубиннің" қақпашысы Иван Коновалов "Ақтөбеге" ауысуы мүмкін. ҚПЛ-ға қайта оралған "Ақтөбе" трансферлік нарықта өте белсенді қимылдауда.
26 жастағы "Рубиннің" резервтік қақпашысы Иван Коновалов "Ақтөбенің" келесі жаңа ойыншысы болуы мүмкін. Тараптар келіссөздер жүргізуде, егер олар сәтті аяқталса, Коновалов осы аптада "Ақтөбеге" қосылады.
Бұл трансферден бәрі пайда көрмек: "Рубин" клубы Юрий Дюпин мен Никита Медведевтің көлеңкесінде жүрген қақпашыдан құтылады, ал "Ақтөбе" Жасур Нарзикуловқа лайықты бәсекелес табады.
Коноваловқа басқа ресейлік клубтар да қызығушылық танытуда. Бір апта бұрын ол "Уралдың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды. Алайда, әзірге аталған клубпен мәмілеге келе алмады.
Біздің серіктес: FONBET