Руд Гуллит «Теректе»

19.01.2011, 22:53
Руд Гуллит «Теректе»

Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүрген  Алматының "Қайраты" Ресей премьер-лигасында өнер көрсететін Грозныйдың "Терек" клубымен жолдастық кездесу өткізіп,1-0 есебімен жеңіске жетті.

Бұрындары шешенстанның бас командасын қазақстандық маман Ваит Талғаев бірнеше жыл жаттықтырса,маусымаралық үзілісте "Теректің" тізгіні әйгілі  голландық Рууд Гуллитке сеніп тапсырылды. Шешенстан басшысы, әрі "Терек" командасының президенті Рамзан Қадыровтың тікелей араласуымен жүзеге асқан келісімшарт 1,5 жыл мерзімге бекітілді. Бірақ, клубтың тасы өрге домалаған жағдайда Гуллит бас бапкерлік міндетін одан ары жалғастыра беруге құқылы. Осы орайда Рамзан Қадыров голландиялық маманға жаңа маусым қортындысы бойынша "Теректі" еурокубоктық ойындарға қатыса алатын орынға шығаруды жүктеді. 48 жастағы Рууд Гуллит  футболшы ретінде голландияның "Харлем", "Фейеноорд","ПСВ", Италияның "Милан" және Англияның "Челси" клубтарында,сондай-ақ, 1981-1994 жылдар аралығында Голландия құрамасында табысты өнер көрсетті. 1987 жылы әлемнің ең үздік футболшысы атанып, "Алтын допқа" ие болды. Жаттықтырушы ретінде 2003-2004-ші жылдары Голландияның жасөспірімдер құрамасын, сосын "Фейеноорд" пен АҚШ-тың "Лос-Анджелес Гэлакси" клубтарының тізгінін ұстады.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×