Руни ПСЖ-мен келіссөздерді бастады

23.05.2013, 15:29
Руни ПСЖ-мен келіссөздерді бастады

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Уэйн Руни өзінің ПСЖ-ға ауысымы жайлы келіссөздерді бастады, деп хабарлайды L'Equipe.

Жақында Англия құрамасының 27 жастағы ойыншысы ауысымға байланысты өтініш білдірген болатын. Содан бері «Юнайтед» Премьер-Лигада екі кездесу өткізіп үлгерді, ал Уэйнге тіпті қосалқы құрамнан да орын табылмаған еді.

Ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, Руни ПСЖ-ның орасан зор жобасына «асқан қызығушылық» танытыпты. Франция чемпиондарының транферлік тізімінде Уэйн көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда «Юнайтед» клубының жетекшілігі Рунидің ауысымына байланысты ақпаратты теріске шығарған еді.

Айта кетсек, Англия құрамасының шабуылшысы кетуі мүмкін деген сыбыстар «МЮ»-дің Чемпиондар Лигасынан шығып кеткенінен соң тарала бастады, бірақ сол кезде Алекс Фергюсон Рунидің ешқайда кетпейтінін мәлімдеген болатын.

 Дайындаған: Ерғали Елдос massaget.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×