ТАҢАТ НӨСЕРБАЕВ "АСТАНА" ТАРИХЫНДАҒЫ ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ

24.05.2013, 19:34
ТАҢАТ НӨСЕРБАЕВ "АСТАНА" ТАРИХЫНДАҒЫ ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ

танатОтандық футбол тарихында "Астана" мен "Қайрат" ел біріншілігі мен ел кубогын қосқанда, яғни ресми ойындарда барлығы тоғыз рет өзара кездесіпті. "Қайрат" әлі күнге "Астананы" ойынның негізгі уақытында жеңе алмай келеді. Жалпы, бұл команда "Астананы" бір-ақ рет жеңген. Оныңөзінде, матч соңындағы пенальтиден.

* «Астана» Алматыда "Қайратпен" төрт рет кездесіп, үшеуінде жеңіске жеткен. Бір қызығы, өз алаңында "Қайратқа" қарсы осылай сәтті ойнай алмапты. Елордада бес рет кездесіп, екеуінде ғана жеңген.

·       * Өткен турда Таңат Нөсербаев "Қайрат" қақпасына өзініңүшінші голын соққан. Бұл көрсеткіш бойынша, ол Игорь Бугаев пен Сергей Остапенконы қуып жетті.

·       * Ал Фокси Кетевоама "Қайратқа" қарсы ойындарда барлығы үш нәтижелі пас шығарыпты. Бұл көрсеткіш бойынша Фокси "Астананың" үздігі.

·       * Өткен турда "Қайрат" қақпасын дәл көздеген Таңат Нөсербаев "Астананың" Қазақстан Премьер-лигасындағы 200-ші голын соқты. Жалпы, елордалық клуб мұндай көрсеткішке 128 матчта жеткен. Сондай-ақ, бұл "Астананың" түздегі 73 ресми кездесуіндегі 90-голы.

·       * Қайрат Нұрдәулетов "Астана" сапындағы 90-шы, ал Таңат Нөсербаев 70-ші ойынын өткізді.

·              * Фокси Кетевоама "Астана" сапындағы нәтижелі пастарының санын 11-ге жеткізді. Бұл көрсеткіш бойынша ол Игорь Бугаевты қуып жетті. Ал олардың алдында 14 нәтижелі паспен Таңат Нөсербаев және 19 нәтижелі паспен Андрей Тихонов тұр.

·       * Виктор Дмитренко "Астана" сапында Премьер-лигадағы 30-шы кездесуін, ал Зелао 10-шы ойынын өткізді.

·       * "Гол+пас" жүйесі бойынша 30 нәтижелі ұпай жинаған Таңат Нөсербаев бұл көрсеткіш бойынша "Астана" клубы тарихындағы үздік сұрмерген болып тұр.

·           * "Астана" сапында Қазақстан Премьер-лигасында 19 гол соққан Таңат Нөсербаев Игорь Бугаевты артқа тастап, команда тарихында сұрмергендер тізімінде көш басына шықты.

"Астана" футбол клубы тарихының еңүздік сұрмергендері:

Нөсербаев Таңат – 19

Бугаев Игорь – 18

Остапенко Сергей – 15

Богавац Драган – 12

Тихонов Андрей – 12

Жұмасқалиев Нұрбол – 10

Шацких Максим – 9

Қонысбаев Ұлан – 9

Андроник Валерий – 7

Пахолюк Роман – 7

Рожков Михаил – 7

Шахметов Марат – 7

 

 

Pfl.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×