Рунидің әкесі мен ағасы ұсталды

07.10.2011, 05:27
Рунидің әкесі мен ағасы ұсталды

Белгілі ойыншы Уэйн Рунидің әкесі мен ағасы құқық қорғау органдарына ұсталды. Олар ойластырылған матчқа бәс тікті деген айыппен қамауға алынды.

Шотландия чемпионатындағы "Хартс" - "Мотэруел" арасындағы кездесуде ойыншының алаңнан қуылуы тіркеледі деген бәс тіккен Рунидің әкесі мен ағасы қомақты қаржы ұтқан. Сол ойынның соңына қарай алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Стив Дженнингс болмайтын жерден қызыл қағаз алып алаңнан қуылып кеткен. Анықтау барысында осы аяқдопшы да қамауға алынды.

Букмекерлер арасындағы осындай жан-жалдар соңғы кездері жиі ұшырасуда. Біздің елде де осындай жағдайлар орын алып жатқан шығар. Оны кім біліп жатыр дейсіз. Мысалы "Жетісу", "Ақтөбе" секілді командалар көбірек ұтылып, болмашы жағдайда жанкүйерлерді бордай тоздыртып жүр. Мүмкін осының артында да бірдеңе жатқан болар а? Бірақ, әзірге нақты факты жоқ. Барлығы дәлелсіз. Түбі осындай жанжалдар біздің елге де келіп жететінін сеземін.

Әзірге Уэйн Руни жақын туыстарына көмекке келе алар емес. Ол Еуро-2012 матчтарына Англия ұлттық құрамасының базасында дайындықта жүр. Ал керек болса!

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×