"Ақтөбе-1994" топ басына шықты

07.10.2011, 04:07
"Ақтөбе-1994" топ басына шықты
Ақтөбеде футболдан 1994 жылы дуниеге келген жас аладопшылардың ақтық сыны өтіп жатқаны белгілі. Финалдық бәсекенің үшінші ойын күні де қызыққа толы өтіп, турнир кестесінде өзгерістер енгізілді. Қызылордалық «Қайсар» сәтсіздік сериясын жалғастыруда. «Каспий» командасымен болған ойында қызылордалықтар 3:2 есебімен тізе бүгіп, қарсыластарына жол беріп қойды. Ал қазіргі чемпиондар «Ертіс» қарағандылық «Шахтерді» жеңді. Есеп – 2:1. «Тараз»-«Астана» арасындағы ойында ойыншылар есеп аша алмай, нөлдік есеппен аяқтады. Жергілікті «Ақтөбе» әзірше қарсылас шыдатар емес. Қостанайдың «Тобылына» жауапсыз үш гол соғып, бірде-бір допты өз қақпаларына дарытпаған ақтөбеліктер бұл ойында да ірі есеппен жеңіске жетті. Соңғы ойындағы жеңістен кейін «Ақтөбе» 24 ұпаймен топ бастады. Қоржынында 23 ұпайы бар «Каспий» екінші сатыда болса, елордалық «Астана» үштікті түйіндеп тұр. Олардың еншісінде – 22 ұпай. Дәл осындай ұпайы бар «Ертіс» төртінші орынды місе тұтса, қызылордалық «Қайсар» 19 ұпай жинап, бесінші орында. Қостанайлық «Тобыл» 16 ұпаймен алтыншы, «Тараз» (15) жетінші, «Шахтер» (14) соңғы орынға сырғыды. Есет Төлеш
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×