«Ливерпульдің» шабуылшысы Садио Мане Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Челсидің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Фрэнк Лэмпардтың рекордын қайталады.
Мане «Вильярреалмен» болған ойында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі 15-ші голын соғып, англиялық клуб үшін плей-оффта ең көп гол соққан Лэмпардтың рекордын қайталады.
Сондай-ақ Мане «Челсидің» бұрынғы шабуылшысы Дидье Дрогбаның рекордын жаңартып, плей-офф кезеңінде ең көп гол соққан африкалық футболшы атанды.
Айта кетейік, сенегалдық футболшы осы маусымда Чемпиондар лигасында 12 ойынға қатысып, бес гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET