Екінші таймда оянған «Ливерпуль» Чемпиондар лигасының финалына шықты

04.05.2022, 14:23
«Сары сүңгуір қайық» сенсация жасауға жақын болды.
Екінші таймда оянған «Ливерпуль» Чемпиондар лигасының финалына шықты

Кеше, 3 мамырда УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы қарымта матчтв «Вильярреал» өз алаңында «Ливерпульді» қабылдады. Ойын Вильярреалдағы (Испания) Керамика «Эль-Мадрикал» стадионында өтіп, 3:2 есебімен англиялық клуб жеңіске жетті.

«Вильярреал» ойынның 3-минутында есеп ашты - әдемі комбинациядан кейін Булье Диа гол соқты. 41-минутта алаң иелері Франсис Кокленнің арқасында баымдығын нығайтты.

Алайда интрига ұзаққа созылмады. Ойынның 62-минутында «Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Фабиньо қарсылас қақпасынан саңылау тапты. 67-минутта мерсисайдтықтар Луис Диастың көмегімен таразы басын теңестірді. Ал 74-минутта Садио Маненің матчтың нүктесін қойды.

Еске салайық, алғашқы ойында «Ливерпуль» өз алаңында «Вильярреалды» 2:0 есебімен жеңген болатын. Екі матчтың қорытындысы бойынша Юрген Клопп шәкірттері 5:2 есебімен турнирдің финалына шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×