Садио Мане Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

04.05.2022, 15:20
Сенегалдық шабуылшы «Челси» ойыншыларының рекордын жаңартты.
Садио Мане Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

«Ливерпульдің» шабуылшысы Садио Мане Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Челсидің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Фрэнк Лэмпардтың рекордын қайталады.

Мане «Вильярреалмен» болған ойында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі 15-ші голын соғып, англиялық клуб үшін плей-оффта ең көп гол соққан Лэмпардтың рекордын қайталады.

Сондай-ақ Мане «Челсидің» бұрынғы шабуылшысы Дидье Дрогбаның рекордын жаңартып, плей-офф кезеңінде ең көп гол соққан африкалық футболшы атанды.

Айта кетейік, сенегалдық футболшы осы маусымда Чемпиондар лигасында 12 ойынға қатысып, бес гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×