Пауло Дибала мансабын «Интерде» жалғастырады

04.05.2022, 22:16
Футболшы миландық клубпен төрт жылдық келісім-шартқа отырады.
Пауло Дибала мансабын «Интерде» жалғастырады

«Ювентустың» шабуылшысы Пауло Дибала «Интерге» ауысу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы La Gazzetta dello Sport басылымы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, миландық клуб шабуылшының өкілдерімен келіссөздер жүргізген. Аргентиналық футболшы жазда клубпен төрт жылдық келісім-шартқа отырады.

Бұған дейін «Ювентустың» аргентиналық шабуылшымен келісім-шартты ұзартпайтыны белгілі болған еді. Туриндік клуб 28 жастағы шабуылшыға маусымдық жалақысы 6-7 миллион еуроны құрайтын келісім-шарт ұсынды. Бірақ Паулоның бұл ұсынысқа көңілі толмай, еркін агент ретінде командадан кету туралы шешім қабылдады.

Пауло Дибала осы маусымда 35 ойынға қатысып, 14 гол соқты, 6 нәтижелі пас берді. Ол «Ювентусқа» 2015 жылы «Палермодан» ауысқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×