Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 3-тур матчында "Аталанта" өз алаңында "Ливерпульді" қабылдады. Кездесу Бергамодағы "Атлети Адзурри" стадионында өтіп, 5:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Диого Жота хет-трик жасады, ал Мохамед Салах пен Садио Мане бір голдан соқты.
Twitter-де OptaJoe хабарлағандай, Салах Стивен Джеррардтың Чемпиондар лигасындағы жетістігін қайталады. Ол турнирдегі 21-ші голын соқты және Джеррардпен бірге "Ливерпульдің" Чемпиондар лигасындағы ең үздік сұрмергені атанды.
Салах "Ливерпульдің" намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Команда құрамында ол Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем кубогын жеңіп алды, ал өткен маусымда Премьер-лиганың жеңімпазы атанды.
Біздің серіктес: FONBET