36-жасар ардагер футболшы және Қазақстан құрамасының көшбасшысы Самат Смақов Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан павлодарлық "Ертіс" клубының құрамына қосылды.
Бұрынғы "Қайраттың" ойыншысы Алматыдан Анталья қаласына Владислав Чернышов және Пиралы Әливпен бірге ұшты. Алдағы уақытта "Ертіспен" келісім-шартқа қол қояды.