Санчес "Арсеналды" финалға шығарды

19.04.2015, 06:23
Санчес "Арсеналды" финалға шығарды
Чемпиондар Лигасы-арман, ішкі біріншіліктің алтынын алуға мүмкіндік әлдеқашан жоғалған, Арсен Венгердің ендігі бар үміті-Ағылшын кубогі. Сәттіздікке баланатын маусымға, осы кубок аз да болса жұбаныш болар. Оны бір айдан кейін білеміз. Бүгін лондондықтар финалға жолдама алды. Чемпионшипте өнер көрсететін "Рединг" те қайтпайтын қайсар ұжым екен. Ресейдің тумасы Павел Погребняк өнер көрсететін команда, тек экстра-таймда ғана тізе бүкті. "Арсенал" футболшыларының жеке бас шеберлігі өз дегенін істеді. Алексис Санчес бірінші және үшін таймдарда бір-бір голдан соғып, өз командасын финалға алып шықты. "Арсеналдың" қарсыласы ертең "Ливерпуль"-"Астон Вилла" матчында белгілі болады. Рэдинг — Арсенал 1:2 Голдар: Макклири, 54 — Санчес, 39, 105+1 Рэдинг: Федеричи — Гантер, Гектор, Пирс, Обита — Макклири, Уильямс, Чалоба (Кокс, 105), Робсон-Кану (Карачан, 90) — Макки, Погребняк (Айегбени, 111) Арсенал: Щесны — Дебюши, Мертезакер (Габриэль, 73), Косельни, Гиббз — Кокелен (Уолкотт, 101), Касорла — Рэмси, Өзіл, Санчес — Уэлбек (Жиру, 72) Ескертулер: Чалоба — Габриэль
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×