Сандар сөйлейді : Челси көбінесе ойын соңында гол салады

01.12.2013, 07:14
Сандар сөйлейді : Челси көбінесе ойын соңында гол салады
wGM5eLsKExY    АНГЛИЯ.  «ТОТТЕНХЭМ» – «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД» - «Тоттенхэм» командасы «Манчестер Юнайтед»-ке қарсы өткізген 24 ойынның тек 1-інде ғана жеңіске жеткен. «Тоттенхэм» командасымен болған соңғы  8 ойында Робин ван Перси «Тоттенхэм» командасына 6 гол соғып, 5 нәтижелі пас шығарған. «МЮ» командасының жартылай қорғаушысы Райан Гиггз өзге командаларға қарағанда «Тоттенхэм» командасына көп гол салған (10). Пенальтиді есептемегенде «Тоттенхэм» қазіргі кезге дейін 78 нәтежиесіз соққы жасап үлгерген. - «Манчестер Юнайтед» АПЛ-да өткізген 8 ойында қақпасын голдан аман сақтап қала алмаған. 980078-15996903-640-360 «ЧЕЛСИ» – «САУТГЕМПТОН» Ағылшын Премьер Лигасында «Стэмфорд Бридж» алаңында өткізген соңғы 15  ойында Челси командасы ешкімнен ұтылмаған екен.(15 жеңіс, 3 тең ойын). Қонақта өткізген соңғы 9 ойында  «Саутгемптон» барлығы 5 гол соғыпты. Қонақта өткізген соңғы 11 ойында «Саутгемптон» барлығы 7 гол жіберіп алған. «Саутгемптон»  командасына қарсы өткізген 5  ойында Фрэнк Лэмпард 4 гол авторы атанған. Алдыңғы маусымда "Челси"-ге қарсы өткізген қос ойында «Саутгемптон» командасының шабуылшысы  Рики Ламберт гол соққан. Соңғы 15 минут аралығында Челси 8мәрте гол салған.Бұл өте жоғары көрсеткіш. Andrea+Barzagli+Juventus+FC+v+Udinese+Calcio+i5d8xpknOaYl ИТАЛИЯ. «ЮВЕНТУС» – «УДИНЕЗЕ» - «Ювентус» өз алаңында  «Удинезе» командасымен  41 рет ойын өткізіп, 30 рет жеңіске жетсе, 6 мәрте жеңілістің ащы дәмін татып, 5 рет тең тарқасты. Өткен маусымда туриндік  «Ювентус» 4-0 есебімен «Удинезе»-ні тізе бүктірді.Бұл екі команда арасындағы ең ірі есеп болып тіркелді. Осы жылы 1-ші рет «Ювентус» турнир кестесінің көшін бастады.Алдыңғы жылы бұл команда Италтяның чемпионы атанған болатын. «Ювентус» осы маусымдағы өткізген әр ойында  голсыз қайтпаған жалғыз команда. Антонио Конте шәкірттерінің  Серия А - дағы жеңіс сериясы - 26 ға жетті. 2013 жылы 16 ақпанда «Ювентус» тек қана Рома командасына гол сала алмаған. – «Ювентус» соңғы өткізген 5 ойында жеңіске жетіп, өз қақпасына гол кіргізбеген. Туриндік команда 6 ойын бойы өз қақпасына гол жібермесе 2002 жылы жетістігін қайталамақ. 918897-15262665-640-360 ИСПАНИЯ. «АТЛЕТИК» – «БАРСЕЛОНА – «Барселона» 2 жыл қатарынан қонақта  Бильбаоның «Атлетик » командасын ұта алмай келеді.Қос ойын да 2-2 мен аяқталған. «Атлетик » 14 ойын бойы «Барселона» командасын ұта алмай келеді. - Испания чемпионатында  «Барселона» командасы «Атлетик Бильбао»- ға барлығы  310 гол соққан. - «Барселона» командасының қорғаушысы Жерар Пике Испания чемпионатындағы өзінің 150 - ойынын өткізбек.   951859-15658204-640-360 ИТАЛИЯ. «ЛАЦИО» – «НАПОЛИ» - Италия чемпионатында «Лацио» командасы «Наполи» - мен 58 рет кездескен екен.26 ойында ұтып, 12 рет ұтылып, 20 рет жеңіліс тапқан. – «Лацио» ішкі біріншілікте  4 ойын бойы жеңіске жете алмай келеді. (3 тең ойын, 1 жеңіліс) –  «Наполи» командасының шабуылшысы Горан Пандев Италия чемпионатында 300 - і ойынын өткізбек. 2004-2009 жылдары шабуылшы «Лацио» сапында 159 ойын өткізіп  48 гол соққан. – «Лацио» командасының шабуылшысы Серджо Флоккари «Наполи» командасына қарсы өткізген ойындарында барлығы 6 гол салған.Бұл командадағы басқа ойыншылармен салыстырғандағы  ең жоғарғы нәтиже болып тіркелді. Суреттер Eurosport.ru сайтынан алынды Абылайхан ЖҰМАШ  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×