«Сантьяго Бернабеудегі» 45 мың «Роналду»

29.11.2013, 07:25
«Сантьяго Бернабеудегі» 45 мың «Роналду»
  Криштиану Роналду жарақатына байланысты сәрсенбі күнгі «Галатасарайға» қарсы ойында жасыл алаңға шыға алмады. Алайда, «сантьяго бернабеуден» сан мыңдаған «Роналдуды» көрдік. Анығырақ айтқанда, «Реалдың» жанкүйерлері Роналдудың «Алтын допты» алуына қолдау көрсету үшін ерекше әдіс ойлап тапқан екен. Көптеген жанкүйерлер алаңға Роналдудың суреті бейнеленген бет перде киіп келген. Арнайы жанкүйрелік клубтардың ұйымдастыруымен жасалған бұл қимылда 45 мың бет перде жарыққа шыққан. Демек, сол күні «Сантьяго Бернабеуде» 45 мың «Роналду» болған.
Face masks and banners support Cristiano's Ballon bid at Bernabeu
Жарыс басталарда, солтүстік трибунада Роналдудың суреті салынған өте үлкен плакат пайда болаған. Әрі оған: « Криштиану Роналду. Алтын доп»-деп жазылған. жанкүйер қауым осы арқылы сүйікті футболшыларына деген қолдауларын көрсеткен. Бұған қоса, «Роналду Алтын допты алу керек!» деп жазылған плакаттарды алаңның әр тұсына іліп қойған. Real Madrid's fans hold up placards supporting their team's star Cristiano Ronaldo before their Champions League soccer match against Galatasaray at Santiago Bernabeu stadium in Madrid November 27, 2013.  REUTERS/Susana Vera (SPAIN  - Tags: SPORT SOCCER) Тағы бір бөлім жанкүйерлер ақ параққа «Роналду.7» деп жазып алған. Он мыңдаған адам бір уақытта осы парақтарды жоғары көтергенде қаншалық айбынды көрінетінін айтсаңызшы…   Ойынның 77 минутында жалпы жанкүйерлер бірлікте : « Роналду әлемдегі ең үздік футболшы. Ол тек Реал үшін тер төгеді. Ол Алтын допқа лайық!»- деп айқайлаған сәтте камера алаңда отырған Роналдуды көрсетті. Оның күлкі үйірілген жүзінен разылығын аңғару қиын емес еді. Ол әрі ойынның ортасындағы үзіліс сәтті пайдаланып өзінің Твиттердегі жеке парақшасына: « жанкүйерлерімнің қызу қолдауына мың рахмет. өкініштісі, мен алаңға шығып командама көмектесе алмадым»- деп көңіл-күйімен бөліскен екен.                                                                                                                                                                                                  Қуанышхан Өмірхан
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×