Сәтбаев қаласы командасыз қала ма?

21.01.2011, 18:08
Сәтбаев қаласы командасыз қала ма?
Қазақстан футболы бір клубқа кемитін секілді. Кеше қолымызға жоғарғы лигада өнер көрсететін команданың тарқағаны туралы ақпарат түсті. Нақтырақ айтар болсақ, Жезқазған өңі­ріне бөлінетін қаржының тым аздығына байланысты Сәтбаев қаласының намысын қорғайтын «Қазақмыс» футбол клубы өз ғұмырын тоқтатпақ. Оның орнына «Қазақ­мыс» футбол академиясына қаржы бөлініп, бар назар балалар футболына аударылмақ. Енді клубтың бұдан арғы жағдайы қалай болмақ? «Қазақмыс» командасы, шыны­мен де, өз ғұмырын тоқтата ма? Бұл сұрақтарды біз аталмыш клубтың дирек­торы Ғалым Ыбыраевқа қойған едік.

– Әлі ешнәрсе белгісіз. Бірақ сіздің қолыңызға түскен ақпараттың шындыққа жанасымы бар. Қаржы тапшылығына байланысты клуб енді өз жұмысын тоқтатуы мүмкін. Енді қандай шара қолданамыз? Қолыма клубтың жабылатыны туралы ресми қағаз түскен жоқ. Яғни бізде әлі мүмкіндік бар. Қазір басшылықпен кез­десіп, осы жайында сөйлесейін деп отыр­мыз. Сәтбаев қаласына «Қазақмыс» футбол клубының өте керек екенін дәлел­дегім келеді, – деді Ғалым Әбутәліпұлы. Иә, Қазақстан футболы «Қазақмыс» секілді клубынан айырылса, өкінішті болар еді. Дегенмен жақсылыққа үміттенеміз. 70 мыңнан астам халқы бар қала командасыз қалмайды деп сенеміз. Оның үстіне, «Қазақмыстан» Ақжол Серікжанов, Гейсар Алекперзаде сынды саңлақтардың түлеп ұшқанын да ұмытпауымыз керек. Ал 2006 жылы құрылған «Қазақмыс» футбол клубына келер болсақ, екі мәрте жоғарғы лиганың жеңімпазы атанып, 2009 жылы премьер-лигада өнер көрсеткенін айта кеткеніміз жөн.

Автор: Арсен Жанаділ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Қош бол - "АЛИ САМИ ЙЕН"
Келесі жаңалық
Бүгін - жартылайфинал
Серіктес жаңалықтары
×