Италиялық маман Симоне Индзаги Сауд Арабиясының әйгілі клубы «Әл-Хиляльмен» келісімшартқа қол қоюға жақын.
Ақпаратқа сәйкес, 49 жастағы бапкер жылына салықтан кейінгі таза €26 миллион табыс табатын болады. Индзаги мен «Әл-Хиляль» арасындағы келісім 2027 жылдың маусымына дейін жарамды болмақ. Бұған дейін Романо бұл келісім осы аптада ресми түрде рәсімделетінін хабарлаған.
Симоне Индзаги 2021 жылдан бері «Интер» клубын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен миландықтар Италия чемпионатын жеңіп, екі рет ел кубогын, үш рет Суперкубокты иеленді. Сонымен қатар, Индзаги командасымен екі рет чемпиондар лигасының финалына дейін жеткен.