Сейділдә Байшақов ҚФФ президенті қызметіне ұсынылды

29.10.2016, 04:22
Сейділдә Байшақов ҚФФ президенті қызметіне ұсынылды
"Қайрат" және КСРО құрамасында ойнаған Сейділдә Байшақов ҚФФ президенті қызметіне үміткер,деп хабарлайды ұйымның ресми сайты. Оны осы қызметке аймақтық федерациялардың мүшелері ұсынған. Басшылар кеңесі Астанада өтті. Кеңес барысында 2017 жылғы қаржы қоры мен аймақтарға қаржы бөлу мәселесі қаралды. Байшақовқа аймақтық федерациялар өкілдері бірауыздан дауыс беріп,оны ҚФФ президенті қызметіне үміткер ретінде ұсынды. Естеріңізге сала кетейін, Ерлан Қожағапанов 28-ші қазан күні қызметінен өз еркімен кеткен болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×