30-жасар "Жетісу" клубының қақпашысы Сергей Степаненко Қазақстан премьер лигасындағы 100-кездесуін өткізді. Бұл кездесу "Ертіс" клубымен өтті. Аталмыш кездесуде Сергей Степаненконың командасы Керекуліктерді ойсырата ұтты. Сергей Степаненко Қазақстан премьер лигасында алғаш рет 2004-жылы "Тараз" клубы сапында өнер көрсеткен болатын. Қазіргі уақытта 100-кездесу өткізіп, қақпасына 95 гол жіберіп алыпты. Биылғы жылы ол премьер лигада 523 минут бойы өз қақпасына доп өткізбепті.
Автор: Думан Балықбаев
Фото: www.fc-zhetisu.kz