Серікжан Мужиков: «Бұл жеңісті жанкүйерлерге арнаймыз»

03.03.2022, 18:53
Мужиков кешегі матчта гол соғып, нәтижелі пас берді.
Серікжан Мужиков: «Бұл жеңісті жанкүйерлерге арнаймыз»

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков қостанайлықтарды Суперкубок матчындағы жеңісімен құттықтады:

– Алдымен, бұл жеңісті барша Қостанай облысының тұрғындарына, жанкүйерлерге арнаймыз. Біздің әр қуанышымыз сіздердің қолдауларыңыздың арқасында. Бастысы жаңа маусымды жақсы көңіл-күймен бастадық.

Рас, ойын оңайға соққан жоқ. Алаңның әр шебінде талас-тартыс жүрді. «Қайрат» та қорғаныста сауатты ойнай білді. Бірақ, біз бапкер сенімін ақтай білдік деп ойлаймын. Намысты қолдан бермеген жігіттерге ризамын. Көптен күткен жеңіске қол жеткіздік. Тағы да жанкүйерлерімізді осынау жарқын жеңіспен құттықтаймыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×