«Барселонаның» бас бапкері Кике Сетьен Испания чемпионатындағы жағдайға түсінік берді.
«Жеті матч өткізу керек, олардың барлығында жеңіске жету өте қиын. «Реал Мадрид» әлі ұпай жоғалтқан жоқ, бірақ бұл ойындар бізді таңқалдыруы мүмкін. Олардың біз сияқты жақсы күйде екендігі рас, бірақ бәрі де болуы мүмкін. Олар қандай да бір сәтте қателесетініне сенімдімін», - деп Network Standard Evening Сетьеннің сөзін келтіреді.
31-турдан кейін «Реал» 68 ұпай жинап, көш бастап тұр. Екінші орында «Барселона» да 68 ұпай жинағанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша "Корольдік" клубтан ұтылып келеді. Келесі турда «Барселона» «Сельтамен» ойнайды, ал «Реал Мадрид» «Эспаньолмен» кездеседі. Ойындар сәйкесінше 27 және 28 маусымда өтеді.
Біздің серіктес: FONBET