"Шахтер" футбол клубы Армения ұлттық құрамасының ойыншысы Соломон Удомен келісім-шартқа отырды.
25 жасар нигериялық жартылай қорғаушы соңғы 5 маусымды Армения чемпионатында өткізді және осы елдің ұлттық құрамасында алдыңғы жылы дебюттік ойынын Эстонияға қарсы өткізді. Ол қарағандылық клубқа ауыспас бұрын "Арарат, "Улисс", "Ширак" және "Урарту" (барлығы - Армения) және бельгиялық "Эйпен" сапында өнер көрсеткен.
"Шахтер" бұған дейін сербиялық футболшы Вук Митошевич және хорватиялық қорғаушы Иван Графты қатарға қосқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET