«Шахтер» командасын Қазақстан құрамасының экс-қорғаушысы жаттықтыруда

13.01.2021, 02:04
Клуб қазір бас бапкер қызметіне үміткерлермен келіссөздер жүргізуде.
«Шахтер» командасын Қазақстан құрамасының экс-қорғаушысы жаттықтыруда

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Шахтер" футболшылары жаңа маусымға дайындықты бастады. Жаттығу жұмыстары Қарағанды ​​қаласындағы жабық алаңда өтуде.

Жаттығу процесін бұрынғы футболшы, Қазақстан құрамасының экс-қорғаушысы Игорь Солошенко жүргізіп жатыр. Бұған дейін 41 жастағы маман "кеншілердің" екінші командасы - "Шахтер-Булат" командасының бас бапкері болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта "Шахтер" басшылығы бас бапкер лауазымына үміткерлермен келіссөздер жүргізуде.

Бұған дейін Константин Горовенко келісімшарттың аяқталуына байланысты командадан кеткен болатын. Оның басшылығымен клуб өткен маусымда төртінші орын алып, УЕФА-ның жаңа еуропалық сайысы - Конференция лигасына жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×